«SABA-16» жауапкершілігі шектеулі серіктестік- «Арай» балабақшасы  
Товарищество с ограниченной ответственностью "SABA-16"-детский сад "Арай"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

«SABA – 16» ЖШС – «Арай» балабақшасы

Жалпы ережелер

         1.      Қызмет көрсетуші туралы мәлімет:

«SABA – 16» ЖШС – «Арай» балабақшасы.

Заңды мекенжайы: Атбасар қаласы, Элеваторная көшесі, 1.

         2.      Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

«SABA – 16» ЖШС – «Арай» балабақшасында 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2025 жылы «Арай» балабақшасы 66 қызмет көрсетті.

Akmola.kz, Ұстаз ақпараттық жүйелері арқылы қызмет алушымен тікелей байланыссыз ( «электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда) электрондық түрде, сондай-ақ қызмет алушымен тікелей байланыс жасау арқылы және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу жолымен ( «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталын қоспағанда) электрондық түрде – 66 қызмет көрсетілді.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетілді.

         3.      Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

                  «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;

                  «Педагогтарды аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау».

1. Қызмет алушылармен жұмыс

         1.      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәлімет:

Қызмет алушыларға қажетті барлық ақпарат «SABA – 16» ЖШС – «Арай» балабақшасының ресми интернет-ресурсында

https://ds-aray.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754

«Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған. Сонымен қатар, балабақшадағы ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ілінген. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

         2.      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:

Қазіргі уақытта заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау Ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында жүзеге асырылады. Балабақша нормативтік құқықтық актілер әзірлемеген.

         3.      Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.):

2025 жылы балабақша әлеуметтік желілерде мақалалар жариялап, 1 тікелей эфир өткізді. Қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында балабақша Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді.

         1.      Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Мектепке дейінгі ұйымда мемлекеттік қызметті 2 қызметкер көрсетеді. Олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. 2024–2025 жылдары 1 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат:

         1.      2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

         2.      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері:

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы және негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

         3.      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері:

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол бермеу шаралары қабылдануда.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру және тиімділікті одан әрі арттыру перспективалары

2026 жылы балабақша жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст