Текст
25.06.2026
Бүгін ортаңғы «Ақ бота» тобында өрт қауіпсіздігіне арналған ойын әрекеті өтті.
Балалармен бірге ересектердің қарауынсыз қандай қауіпті заттарды ұстауға болмайтыны туралы маңызды әңгіме жүргіздік. Тақырыпты жалғастыра отырып, бізде сюжеттік-рөлдік ойын ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер өздерін нағыз өрт сөндіруші ретінде сезінді: олар бірлігі жарасқан құтқарушылар тобы сияқты жұмыла әрекет етіп, 101 нөмірі бойынша көмек «шақырды» және қолдан жасалған өртті тез арада «сөндірді»!
Кішкентайлар тапсырмаларды өте жақсы орындап, қауіпсіздіктің негізгі ережелерін бекітті!