Біздің балабақшада "психология апталығы" өтіп жатыр. Бүгін ашылу салтанаты өтті. Музыка залында ересек топтың балалары мен тәрбиешілері жиналды. "Психология апталығының" әр күнінің өзіндік ұраны бар. Бүгінгі тақырып: "Біздің өмірімізде қара жолақтар болмасын". Жағымды эмоционалды көңіл-күй қалыптастыру үшін, топқа тиесілілік сезімін дамыту, топтар күннің түсін таңдады.
Ересек "Фиксики" тобытың күннің түсі - Сары. Олардың күні бойы көңіл-күйі жағымды, шуақты болады.
Ересек "Еремай" тобының күннің түсі - Ақ. Олардың көңіл-күйі, күні бойы тыныш және теңдестірілген болады.
Топтар Дене шынықтыру нұсқаушысымен бірге "Күн" жаттығуларын өткізді. Әрі қарай олар зейін мен есте сақтауды дамыту ойынын, "Тапсырманы орында" ойынын, сондай-ақ "Айқай" ойынын ойнады. Балалар "Кішкентай үйректердің биін" билеп, "Мейірімділік деген не?" әнін шырқады .