«SABA-16» жауапкершілігі шектеулі серіктестік- «Арай» балабақшасы  
Товарищество с ограниченной ответственностью "SABA-16"-детский сад "Арай"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас педагог апталығы аясында әдіскер Тяглая И.А. «Педагог мамандығы: жұмыстағы артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында педагогтармен дөңгелек үстел өткізді.

25.04.2025

Жас педагог апталығы аясында әдіскер Тяглая И.А. «Педагог мамандығы: жұмыстағы артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында педагогтармен дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына жас педагогтармен қатар тәжірибелі педагогтар да қатысты. Әрбір тәрбиеші «Мен неге тәрбиеші болдым?» деген сөйлемді жалғастырып, өз ойларын ортаға салды.
«Педагог болу жақсы, себебі…» және «Педагог болу қиын, себебі…» атты ойындар арқылы тәрбиешінің жұмысындағы оң және теріс жақтары талқыланды.
Жұмыс барысында педагогтар педагогикалық қызметтің табысты болу мәселелерін талқылады. Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеудегі тәжірибелерінен мысалдар келтірді.
Педагогтар балабақшадағы тәрбиешінің мінез-құлық және қарым-қатынас ережелерін жасады.
Дөңгелек үстел «Тәрбиеші деген кім?» ойынымен аяқталды.

 

Просмотров: 532


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст