Текст
24.04.2026
2026 жылғы 24 сәуірде мектепке дейінгі ұйымдардың онкүндігінің жабылуы өтті. Іс-шара «Біз — бір командамыз» атты тренинг ойын түрінде ұйымдастырылып, балалар достық пен бірліктің шынайы күшін сезіне алды. Шара барысында тәрбиеленушілер өз балабақшасына деген сүйіспеншіліктерін өлеңдер, әндер мен билер арқылы көрсетті. Бұл күн онкүндіктің тамаша қорытындысы болып, барлық қатысушылар мен қонақтарға жылулық, қуаныш пен ұмытылмас әсер сыйлады.