Текст
05.06.2026
30 наурыз күні «Математика негіздері бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетте балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларын дамытудағы тәрбиешінің қызметі» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңесте ортаңғы топта математика негіздері бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетте дидактикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту тақырыбында өз жұмыс тәжірибесімен Т.А. Ташмағамбетова бөлісті.
Әдіскер И.А. Тяглая педагогтермен «Математика негіздері бойынша табысты ұйымдастырылған іс-әрекеттің моделі» тақырыбында іскерлік ойын өткізді.