Текст
"Балбөбек" кіші тобында "Тәрбие отбасынан басталады " атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ата - аналар бір - бірімен танысып, өз лебіздерін білдірді, жаңа оқу жылының күн тәртібімен танысты. Педагог-психолог Айдана Ерсаиновна "2 жастағы баланың даму ерекшеліктері" тақырыбында әңгіме жүргізді. Әртүрлі сұрақтар талқыланып, жиналыс соңында ата - аналар комитеті сайланды. Ата - аналар ойынға қатысып, жылы лебіздер айтып, жиналыс аяқтады.